Processing

Бағдарламалық қамсыздандыру.

Garage-GPS компаниясы Қазақстан Республикасының, Ресей мен Украинаның аумағында спутниктік мониторингті ұйымдастыру үшін өзінің меншікті көп функционалды платформасын ұсынады. Мониторинг жүйесінің көмегімен Сіз объектілерді Online бақылай аласыз, POI кез келген санын көрсете аласыз, Геоаймақтар жасай аласыз, сондай-ақ жүйеден қажетті хабарламалар ала аласыз.

Объектілерді Online бақылау.

Сіз объектілерді онлайн режимінде бақылай аласыз. Әр автомобиль картада өз белгісімен белгіленген, ол автомобильді нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Сондай өзіңізге ыңғайлы болу үшін Сіз объектілерді топтарға бөле аласыз.

Белгіге басқан кезде объекті туралы, соның ішінде қозғалыс жылдамдығы, датчиктердің көрсеткіштері, т.б. туралы толық ақпараты бар көмекші шығады. Қажет болған кезде шағын бейненің орнына қозғалыс бағытын көрсететін көрсеткіш тілді немесе қандай да бір датчиктің көрсеткіші өзгерген кезде түсін өзгертетін белгіні пайдалануға болады.

Менің орындарым немесе POI.

Сондай-ақ Сіздің қандай да бір қызығушылыңызды оятқан нүктелерді көрсете аласыз, олар POI деп аталады. Сіз жүйеде осындай нүктелердің кез келген санын белгілей аласыз. Сіз олардың радиусын анықтай аласыз, ол ірі объектілерді (зауыттарды, қоймаларды, автобазаларды) белгілеген кезде және есептерде бұл ақпаратты пайдаланған кезде өте өзекті болып табылады. Курсорды жүргізген кезде POI туралы қосымша мәліметтері бар терезе шығады.

Геоаймақтар.

Геоаймақтар – бұл көліктің сол және басқа объектілерге кіруін картадан бақылап отыруға арналған танымал құрал. Сіз оларды сызық, шеңбер немесе көпбұрыш түрінде жасай аласыз. Қажет болған кезде пайдаланушылар тез арада геоаймаққа кіру немесе одан шығу туралы хабарламаны өзіне ыңғайлы тәсілмен: шығатын терезеде, SMS арқылы немесе электрондық почтамен алады.

Хабарламалар.

Сондай-ақ жүйенің көмегімен сіз көлік құралының тұрып қалуы, жылдымдықты арттыру, дабыл кнопкасын басу, датчиктердің көрсеткіштерінің өзгерісі, объектімен байланыстың үзілуі немесе берілген бағыттың межелі орнына келу сияқты кез келген хабарламалар ала аласыз.

Бағыттарды бақылау.

Сіз бақылау нүктелерімен бағыттар бойынша қозғалып бара жатқан объектілерді бақылай аласыз. Жүйе бастапқы, соңғы және аралық нүктелерді анықтауға мүмкіндік береді, олардың әрқайсысы өзінің келу және кету уақытын көздейді (қажет болғанда – кестеден рұқсат етілген ауытқумен).

Есептер редакцияланатын шаблондардың негізінде жасалады. Осының арқасында әр пайдаланушы өзінің қажеттіліктеріне бәрінен де жақсы жауап беретін есептердің нысанын жасай алады. Әр есепте кестелер мен графиктердің кез келген саны бар болуы мүмкін. Олардың мазмұнын да пайдаланушы таңдайды.

Пайдаланушы жүйеге кірмей-ақ спутниктік мониторинг жүйесінен есептерді жүйелі түрде ала алады. Ол үшін тиісті тапсырманы жасау жеткілікті. Сонда жүйе қажетті есепті электрондық почтамен автоматты түрде кесте бойынша жіберіп отырады.

Copyright 2008–2024 GARAGE GPS. Компанияның сайтын әзірлеген garage-gps.kz