Processing

Агроөнәркәсіп саласы

Ауыл шарушылығы - Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі. Ірі шаруашылықты басқару – маңызды шығындар мен дағдыларды талап ететін қиын міндет. Техниканың елеулі паркі және көптеген егістіктер тұрақты жүргізілетін мониторинг пен бақылауды талапт етеді. Спутниктік мониторинг жүйелерінің көмегімен Сіз ауылшарушылық техникасының жұмысын оңтайландыра аласыз және шығындарыңызды елеулі түрде азайта аласыз.

Пайдаңыз:

  • ауыл шаруашылық техникасының қозғалысына мониторинг жүргізу;
  • жанармайдың жұмсалуын бақылау;
  • аспалы, тіркеме жабдық пен агрегаттардың жұмысын бақылау;
  • арнайы техниканың жұмысын бақылау (жанармай құйғыш, тартқыш, т.б.);
  • егістіктің параметрлерін есептеу – ауданы, периметрі;
  • егістіктің деректер базаларын құру;
  • егістік логистикасын оңтайландыру – егістік аралық өткелдерді және картаның объектілері арасындағы арақашықтықты есептеу;
  • егістіктің мәртебесі туралы деректер – астық алған жыл, егілетін дақылдар, егін шығымдылығы және т.б.;
    әр егістікте орындалған барлық ауылшаруашылық операциялардың тарихын сақтау; пайдаланушының сұратуымен есептерді (электрондық және баспа түрінде) жасақтау.

Сондай-ақ «Garage-GPS» компаниясы - Қазақстандағы «Агроштурман» компаниясының эксклюзивті серіктесі. Біз егістіктегі жұмыстар үшін және ауылшаруашылығына пайдаланылатын жерлер үшін тиімді шешімдер ұсынамыз. Бұл шешімдер қазақстандық ауылшаруашылық саласы үшін бірегей болып табылады.

Ауыл шаруашылық саласына арналған навигация

Ауыл шаруашылығы үшін навигациялық жабдық - EZ-Guide® 250 параллель жүргізудің жаңа жүйесі, онда түрлі түсті бағыткөрсеткіш EZ-Guide® Plus монохромды бағыткөрсеткіштің орнына келді.


Пайдаңыз:

  • тұқымға, химикаттар мен ЖЖМ-ға жұмсалатын шығындарды қысқарту;
  • ауыл шаруашылық, әсіресе кең алымды техниканы тиімді пайдалану,
    өнімділікті арттыру;
  • орнату оңай әрі пайдалану ыңғайлы;
  • бір маусымның ішінде шығындарды ақтайды.

EZ-Guide® 250 параллель жүргізудің жүйесі техника мен уақытты тиімді түрде
пайдалануға мүмкіндік береді, ол әсіресе сапаны жоғалтпай жеделдету үшін қажет. Тек күндіз ғана емесе, сонымен қатар түнгі уақытта және қалың тұман немесе шаң басу жағдайында жайлы жұмысты қамтамасыз етеді, сондай-ақ:

  • жұмыс жолының сипаттамаларын автоматты түрде есептеу;
  • егістікпен қозғалудың алты шаблонынан біреуін таңдау мүмкіндігі;
  • толыққанды электрондық карталарды жасау және
    егістіктеріңізде кездесетін барлық кедергілерді таңбалау;
  • тегістікте және перспективада қозғалуды визуалдау.

Trimble EZ-Guide® 500 жүйесі кең алқымды егіс кешендерінің және тұқымсепкіш машиналардың көмегімен дәнді дақылдарды, бұршақ дақылдарды және сүрленген дақылдарды егуге тамаша келеді.


Пайдаңыз:

  • ауыл шаруашылық, әсіресе кең алымды техниканы тиімді пайдалану;
  • ауыл шаруашылық жұмыстарының өнімділігін арттыру және
    егудің агротехникалық мерзімдерін сақтау;
  • қателіктерді жою, бөгеттерді азайту;
  • техниканы түнгі уақытта және нашар көрінетін жағдайларда пайдалану мүмкіндігі;
  • тұқымды, химикаттар мен ЖЖМ үнемдеу;
  • орнату оңай әрі пайдалану ыңғайлы;
  • модернизациялау мүмкіндігі.
Copyright 2008–2024 GARAGE GPS. Компанияның сайтын әзірлеген garage-gps.kz