Processing

Жеке автомобильді бақылау.

Барлық көлік иелері автомобильді айдап әкету сияқты оқиғаларды естігені немесе өз басынан өткергені күмәнсіз. «Люкс» класының модельдері немесе қайталама нарықта көпшіліктің сұранысына ие автомобильдер жиі айдап әкетіледі. Бірақ көбінесе әрбір көліктің иесі дәл өзімен ондай оқиға ешқашан болмайды деп ойлайды, өйткені өзінде сапалы әрі қымбат тұратын сигнал жабдығы немесе КАСКО-ның сақтандыру полюсі бар. Дегенмен, тіпті ең жаңа үлгідегі сигнал жабдығы сигналды сканерлеу әдісімен бейтараптандырылатынын, ал КАСКО-ның сақтандыруы көбінесе автомобильдің толық құнын өтемейтінін естен шығармаған абзал.

Көлігі тым көп мегаполистерде тұрақ орнын табу да көп қиындық тудырады. Көп адамға автомобильді бірнеше рет тыйым салатын белгілердің қасында немесе тротуарларда қалдырып кетуге тура келеді. Егер автомобильді эвакуатормен әкетсе, оның қайда кеткенін және қандай айып тұрағында тұрғанын білу үшін жүйкеңді тоздырасың және оған қаншама уақыт кетеді.

Енді жеке автомобильге шағын құрылғы – GPS трекерді ,орнату арқылы барлық осы проблемаларды шешуге болады, ол автомобильдің алдыңғы панеліне орнатылып,GPS мониторинг жүйесінің серверімен әрдайым байланыста болады.

Сонда Сіз тәулігіне 24 сағат бойы автомобиліңізді компьютерден немесе ұялы телефоннан бақылай аласыз. Сондай-ақ, егер ондай қажеттілік туындаса, ұялы телефоннан двигательді қашықтан тосқауылдауға мүмкіндігіңіз бар.

Garage-GPS – БАРЛЫҒЫН БАҚЫЛАЙМЫЗ!

Copyright 2008–2024 GARAGE GPS. Компанияның сайтын әзірлеген garage-gps.kz