Көптеген адамдар үшін үй жануарлары отбасы мүшесі сияқты болып кеткен. Олар жоғалып кетсе, қатты уайымдаймыз. Сүйікті итіңіздің қозғалу кеңістігін шылбырының ұзындығымен шектемей, ондайдан қалай қорғануға болады?
GPS-қарғыбау – иттердің иелері үшін тамаша олжа. Онымен асыранды жануарларыңыз не қалада, не ауылда жоғалып кетпейді. Кез келген уақытта Сіз төрт аяқты досыңыздың барған жерлерін ұялы телефоныңыздан бақылай аласыз. Оны сондай-ақ жылқыларға да пайдалануға болады.
Шағын, қызмет көрсетуге өте қарапайым қондырғы арнайы қапқа салынып, қарғыбауда немесе әбзелде (35 мм дейін) оп-оңай бекітіледі. Ұзақ уақыт бойы автономды жұмыс және қондырғыны автомобильде зарядтап алу мүмкіндігі оны барынша тиімді етеді.
GPS-қарғыбау спутниктердің көмегімен әрдайым иттің жүрген координаттарын – 5 метрге дейін жоғары дәлдікпен анықтайды. Координаттар GPS мониторинг жүйелерінің серверіне сымсыз GSM-арнасы бойынша беріледі (қондырғыда SIM-карта пайдаланылады). Иттің дәл қазір жүрген жерін кез келген уақытта ұялы телефондағы немесе компьютердегі картадан көруге болады.