|
Сіздің ақпараттық қауіпсіздігіңізге кепілдік берілген!
Garage GPS мониторинг қызметін онлайн режимде пайдаланған кезде, барлық деректер HTTPS хаттамасымен қорғалған. HTTPS хаттамасы бойынша берілетін барлық деректер SSL немесе TLS криптографиялық хаттамасына «буып-түйіледі», сөйтіп осы деректердің қорғалуы қамтамасыз етіледі.
|
|
Біз мыналардан:
- желілік қосылуды тыңдауға негізделген шабуылдардан;
- снифферлік шабуылдардан (трафиктің желілік талдауышы, алып қалуға және кейіннен талдауға арналған бағдарлама немесе бағдарламалық-аппараттық қондырғы);
- корреспонденттер алмасатын хабарларды оқуға және өз еркі бойынша өзгертуге қабілетті криптоталдаушының шабуылдарынан қорғануды қамтамасыз етеміз, корреспонденттердің бірде-біреуі арнада оның қатысып отырғаны туралы аңғара алмайды.
|
HTTPS Веб әлемінде, мысалы, төлем жүйелерінде, қосылу қауіпсіздігі маңызды қосымшалар үшін кеңінен пайдаланылады.
Garage GPS – өз клиенттерінің ақпаратын қорғайтын азғана компаниялардың бірі.
|
|
|