Processing

Сіздің бизнесіңіз үшін артықшылықтар:

  1. Сіз Бизнестің барлық процестерін толықтай бақылай аласыз.

    Сіз әрбір жүргізушіні:
    • оның көлігінің жай-күйін;
    • бағыттарын, ЖЖЕ бұзуын;
    • «көлденең» рейстерін, жанармайды құйып алуын;
    • Жолына кеткен уақытты және двигательдің жұмысын бақылай аласыз.
  2. Сізде ақпарат болады.

    Көлік құралдары негізсіз тұрып қалған, жұмыс уақытында қызметкерлер болмаған немесе әрекетсіз тұрған, тәртіп бұзған және алаяқтық жасаған жағдайларда (жанармайды құйып алу, одометрді бұрап қою, АҚС-мен сөз байласу) – Сіз болып жатқан нәрселер туралы есептер аласыз. Тіпті егер Сіз офисте болмасаңыз да, Сіз әлемнің кез келген жерінде отырып, қашықтан байланысу арқылы барлық іс-әрекеттер жайында хабардар болып отырасыз. Барлық есептер мен хабарламалар бірден ұялы телефонға немесе ноутбукке түседі.
  3. Жанармайға жұмсалатын шығыстар, жөндеу/қосалқы бөлшектер сатып алу және автопаркті ұстау шығындары біршама қысқарады.

    Есептерді талдау кәсіпорындағы автопаркті тиімсіз пайдалануды, кәсіпорындағы ауырдың үстімен жеңілдің астымен жүретіндер мен алаяқтарды анықтауға мүмкіндік береді. Сіз жанармайға жұмсалатын шығынның бастапқы көлемінен 20%-дан көп және шығыстардың басқа баптарынан үнемдей аласыз.
  4. Мониторинг бойынша есептер жасырын қорларды байқауға мүмкіндік береді.

    Автопаркті ұстауға жұмсалатын шығыстар азаяды да, бір-екі айдан соң спутниктік мониторинг жүйесі өзін-өзі ақтайды. Бұл Сіз үшін кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыруға жаңа перспективалық мүмкіндіктер ашады.
  5. Сіз бағыттарды оңтайландырып, жеткізу уақытын қысқартасыз.

    Garage GPS талдау жүйесін пайдаланады, ол әрбір көлік бірлігі үшін үздік бағыттарды оп-оңай анықтауға мүмкіндік береді. Осының бәрі көптеген есептердің және мониторингтің бірегей алгоритмінің арқасында болады. Бағыттарды осылай оңтайландыру жүкті жеткізуді қысқартады. Сіз шығындарды қысқартып, өз Клиенттеріңіздің тұрақтылығын арттырасыз.
  6. Компанияның қызметкерлерінің ПӘК (пайдалы әрекет ету коэффициентін) арттыру.

    Белгіленген мониторинг жүйесі туралы білсе, Сіздің қызметкерлеріңізде алаяқтық жасауға, компанияның есебінен көңіл көтеруге немесе Сізді алдауға ынтасы болмайды. Оның үстіне адал қызметкерлерді көтермелей отырып, қалғандарын ынталандыра аласыз.

Garage-GPS – БАРЛЫҒЫН БАҚЫЛАЙМЫЗ!

Copyright 2008–2017 GARAGE GPS. Компанияның сайтын әзірлеген garage-gps.kz