Processing

Сіздің ақпараттық қауіпсіздігіңізге кепілдік берілген!

Garage GPS мониторинг қызметін онлайн режимде пайдаланған кезде, барлық деректер HTTPS хаттамасымен қорғалған. HTTPS хаттамасы бойынша берілетін барлық деректер SSL немесе TLS криптографиялық хаттамасына «буып-түйіледі», сөйтіп осы деректердің қорғалуы қамтамасыз етіледі.

Біз мыналардан:

  • желілік қосылуды тыңдауға негізделген шабуылдардан;
  • снифферлік шабуылдардан (трафиктің желілік талдауышы, алып қалуға және кейіннен талдауға арналған бағдарлама немесе бағдарламалық-аппараттық қондырғы);
  • корреспонденттер алмасатын хабарларды оқуға және өз еркі бойынша өзгертуге қабілетті криптоталдаушының шабуылдарынан қорғануды қамтамасыз етеміз, корреспонденттердің бірде-біреуі арнада оның қатысып отырғаны туралы аңғара алмайды.

HTTPS Веб әлемінде, мысалы, төлем жүйелерінде, қосылу қауіпсіздігі маңызды қосымшалар үшін кеңінен пайдаланылады.

Garage GPS – өз клиенттерінің ақпаратын қорғайтын азғана компаниялардың бірі.

Copyright 2008–2024 GARAGE GPS. Компанияның сайтын әзірлеген garage-gps.kz