Processing

Үй жануарларын іздеу.

Көптеген адамдар үшін үй жануарлары отбасы мүшесі сияқты болып кеткен. Олар жоғалып кетсе, қатты уайымдаймыз. Сүйікті итіңіздің қозғалу кеңістігін шылбырының ұзындығымен шектемей, ондайдан қалай қорғануға болады?

GPS-қарғыбау – иттердің иелері үшін тамаша олжа. Онымен асыранды жануарларыңыз не қалада, не ауылда жоғалып кетпейді. Кез келген уақытта Сіз төрт аяқты досыңыздың барған жерлерін ұялы телефоныңыздан бақылай аласыз. Оны сондай-ақ жылқыларға да пайдалануға болады.

Шағын, қызмет көрсетуге өте қарапайым қондырғы арнайы қапқа салынып, қарғыбауда немесе әбзелде (35 мм дейін) оп-оңай бекітіледі. Ұзақ уақыт бойы автономды жұмыс және қондырғыны автомобильде зарядтап алу мүмкіндігі оны барынша тиімді етеді.

GPS-қарғыбау спутниктердің көмегімен әрдайым иттің жүрген координаттарын – 5 метрге дейін жоғары дәлдікпен анықтайды. Координаттар GPS мониторинг жүйелерінің серверіне сымсыз GSM-арнасы бойынша беріледі (қондырғыда SIM-карта пайдаланылады). Иттің дәл қазір жүрген жерін кез келген уақытта ұялы телефондағы немесе компьютердегі картадан көруге болады.

Garage-GPS – БАРЛЫҒЫН БАҚЫЛАЙМЫЗ!

Copyright 2008–2017 GARAGE GPS. Компанияның сайтын әзірлеген garage-gps.kz