Processing

Өзіміз туралы.

«Garage-GPS» ЖШС – Қазақстан Республикасының, Ресей мен Украинаның аумағында спутниктік мониторинг қызметін көрсететін жетекші компания. Компания 2009 жылғы 19 ақпанда құрылды, алайда осы уақыт аралығында біз өз саламыздың көшбасшысы атандық. Біз бүкіл энергиямызды, тәжірибеміз бен білімімізді мықты әрі заманауи мониторинг жүйесін жасауға жұмсадық. Бүгінгі таңда «Garage-GPS» – бұл тәжірибелі кадрлар құрамы бар серпінді дамып келе жатқан компания, Aquametro (Швейцария), Omnicomm/Vepamon (Ресей/Эстония), Ruptela, Teltonika (Литва) және Gurtam (Беларусь) сияқты ең танымал маркалардың озық инновациялық жабдығын пайдаланады.

«Garage-GPS» мониторинг жүйесі меншікті «Garage taxi» автопаркінде тестілеуден өтті. 150-ден астам автомобиль ресейлік, американдық, қытайлық және еуропалық жеткізушілердің жабдықтарын сынақтан өткізді. Нәтижесінде біз Еуропада шығарылған жабдықты таңдадық. Біздің пікірімізше, ол сапа мен сенімділіктің ең жоғары бағасын алады, ал жүйенің ыңғайлылығы мен қарапайымдылығы әлемнің кез келген жерінде өзіңіз үшін өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді және тәуліктің кез келген уақытында тегін техникалық қолдау көрсетіледі.

«Garage-GPS» командасының ынта-жігері ең алдымен Сіздің бизнесіңіздің гүлденуіне және одан барынша көп пайда алуға, сондай-ақ адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Біз клиенттің игілігі үшін қызмет етеміз және тараптардың әрқайсысының өсуін, әл-ауқатының жақсаруын және сенімділігін қамтамасыз етеміз.

Компаниямыздың менеджерлері Сізді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беруге және жеке коммерциялық ұсыныс білдіруге дайын.

Garage GPS мониторинг жүйесіне Қазақстан мен Ресейде орналасқан 50 000-нан астам объектілерді сеніп тапсырды, өйткені …
  • Бізде Қазақстанның үйлердің нөмірлеріне дейін толық әрі дәл картасы бар;
  • Біздің мониторинг жүйемізбен шығындарды орнын толтырудың ең ұзақ мерзімі 6 айды құрайды;
  • Еуропалық өндірушілердің ең жақсы озық жабдығын орнатамыз;
  • Ынтымақтастық орнатқан 2 жылдан соң жабдық сіздің меншігіңізге өтеді де, Сіз қызмет көрсетілгенде 50% жеңілдік аласыз;
  • Garage GPS – ГЛОНАСС жүйесі бойынша жұмыс істейтін Қазақстандағы тұңғыш компания;
  • Garage GPS барлық қызметкерлері – ІТ саласындағы бақылау және навигация жүйесінің біліктілігі жоғары қызметкерлері мен мамандары. Олар жүйелі түрде Ruptela және Teltonika өндіруші зауыттарда оқытудан өтеді және біліктілігін арттырады. Сол жерде жаңа жабдықтың жұмысымен танысады;
  • Біздің мамандарымыз кеңес берген соң 15 минуттың ішінде Сіз мониторинг бағдарламасын игеріп аласыз;
  • Біз техникалық қолдау қызметін ұсынамыз, ол тәулік бойы шынайы мониторинг жүргізетін болады және Сіздің барлық есептеріңізді дайындап береді;
  • Орталық Азиядағы ең төмен бағалар біздікі;
  • Сонымен қатар біз ҚР, РФ мен Украинаның аумағындағы GPS жабдығын ЖАЛҒА БЕРЕТІН жалғыз компаниямыз.

Copyright 2008–2017 GARAGE GPS. Компанияның сайтын әзірлеген garage-gps.kz