Processing

Жабдықты жалға беру.

«Garage GPS» ЖШС - Қазақстандағы, Ресей мен Украинадағы көлік мониторингі қызметімен бірге GPS жабдығын жалға ұсынатын аздаған компаниялардың біреуі. Жалдау кезеңіне пайдаланушыларға толық техникалық қолдау көрсетіледі. Біздің біліктілігі жоғары мамандарымыз Сізбен алғашқы дайындық және жабдықпен жұмыс істеу жөнінде нұсқама өткізеді.

Қажет болғанда аксессуарлар жиынтығы беріледі.

Артықшылықтары:

  • Бірден қомақты ақша сомасын жабдыққа жұмсаудың қажеті жоқ;
  • GSM байланыстың балансын бақылап отырудың қажеті жоқ;
  • Жабдықты сатып алмай-ақ оны біржолғы мақсатқа пайдалану мүмкіндігі;
  • Сатып алардың алдында жабдықты сынап көру мүмкіндігі;
  • Ең жаңа үлгідегі жабдықты пайдалануға мүмкіндік туады;
  • Жалдау құны жабдық алынатын мерзімге байланысты болады.

Сондай-ақ:

  • Өз автомобиліңізді уақытша пайдалануға беріп, оның пайдаланылуын бақылап отырғыңыз келген жағдайда жалға алу өте ыңғайлы.
  • Егер Сіз туристік саяхатқа шыққыңыз келсе. Өзіңізге қауіпсіз болу мақсатында өзіңізбен бірге дербес трекерді алу артық етпейді және оқыс жағдай туындаған жағдайда Сіз тұрған жеріңіздің координаттарымен "SOS" сигналын жбере аласыз.

Жалдау ережелері:

  • Сіз шартқа қол қоясыз, сондай-ақ кепілпұл төлейсіз, оның шамасы Сіз таңдаған GPS-ГЛОНАСС қондырғысына байланысты болады.
  • Жеке тұлғаларға шартты ресімдеу үшін ҚР азаматының паспорты қажет. Шарттың бір данасы бізде қалады, екіншісі Сізде болады.
  • Шартты ресімдегеннен кейін Сізге мониторинг жүйесінде есептік жазба, сондай-ақ жүйеге кіру үшін логин мен пароль беріледі. Автомобиль трекерлерін жалға берген кезде монтаждау және баптау жүргізіледі.
  • Жабдықты қайтарған күн жалдау күні болып саналады, сондықтан жалдау сомасын есептеген кезде ескеріледі. Аспапты қайтару уақытының кешіктірген кезде бұл туралы бізге телефон, электрондық почта арқылы немесе жеке өзіңіз келіп хабарлауыңыз қажет.
  • Жабдықты қайтарған кезде клиент жалдау құны шегеріліп, төлеген кепілпұлды қайтарып алады.
  • Жалдау ақысы ұлттық валютада жүргізіледі.
  • Сіз сондай-ақ ұнаған жабдықты сатып ала аласыз.
  • Сіз өзіңіздң, сол сияқты біздің SIM-картамызды пайдалана аласыз. Сіздің Сим-картаны пайдаланған кезде өзіңізбен бірге GPS-трекер жұмыс істейтін (жұмыс істеген) Сим-карта немесе мониторингтің борттық контроллері міндетті түрде болуы тиіс. Өз Сим-картаңызды қолдар алдында міндетті түрде одан ЖСН-кодын алып тастаңыз.
  • Өз Сим-картаңызды пайдаланған кезде GSM - GPRS деректерді беруге жұмсалатын шығындар жалдау құнына кірмейді.


Copyright 2008–2024 GARAGE GPS. Компанияның сайтын әзірлеген garage-gps.kz